Қазақстан тарихы пәні бойынша ашық сабақ туралы ақпарат

Қазақстан тарихы пәні бойынша ашық сабақ туралы ақпарат

 

    22 ақпан күні қалалық Білім бөлімінің жоспарына сай № 2 мектеп-интернатында Білім бөлімнің әдіскері Әсемханова Г.Б. қатысуымен тарих пәніннің мұғалімі Жанат А. Ж. 6 «А» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Ұлы әскербасы – Аттила» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

   Сабақтың мақсаты: Халықтардың ұлы қоныс аударуы туралы білімдерін қалыптастыру.

    Сабақ міндеттері: ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орын туралы айта отырып, Аттиланың  өміріне тоқталу жан-жақты тақылау. Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту. Оқушыларды өз елінің барлық  тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ.

    Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, «пошта» ойыны, «тұлғаны таны», «білім жәрмеңкесі» ойыны.

   Сабақ интерактивті тақтамен 4 топқа бөліну арқылы жүргізілді. Аттила елігіне ерекше мән берілді. Түрлі сауалдар беру арқылы сабақ бекітіліп, қорытындыланды. Оқушылар картамен, суретті жасыру арқылы жауабын қайтару СТО технологиясын қолданды. Сонымен қатар, мұғалім сабақта интернет желісі «Kahoot it» ойыны арқылы оқушылардың білімдерін тексерді.

Дата: 24.02.2016, 8:54 Автор: Школы и сады г. Балхаш