«Кәсіби қоғамдастық – сапалы білім мен табысты оқытудың негізі» тақырыбындағы тәжірибе бөлісу семинары

«Кәсіби қоғамдастық – сапалы білім мен табысты оқытудың негізі»   тақырыбындағы тәжірибе бөлісу семинары

 

   18.02.16 күні  №15 мектеп лицей тірек мектебінің магниттік мектебі Абай атындағы №2 лицейдедеңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдердің «Кәсіби қоғамдастық – сапалы білім мен табысты оқытудың негізі» тақырыбындағы тәжірибе бөлісу семинары өтті.

    Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, жетекші  мектептің координаторы, «Балқаш қаласы №15 мектеп-лицейі» тірек мектебі және   қаланың №7, №8, №9, №16 магниттік мектепмұғалімдері  қатысты.

   Әр мектептен директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, мектеп координаторы және деңгейлік курстан өтпеген 4 мұғалім шақырылды.

     Семинарды I(ілгері) деңгейдің бастауыш сынып мұғалімі,лицей координаторы Г.Е.Алибек  семинардың ашылуын хабарлап, кіріспе сөзді директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Ж.Садыкановаға берді.

    Семинарға келген әріптестермен лицей координаторы Г.Е.Алибек «Танысу» тренингін өткізді.  Тренингке қатысушы әр мұғалім өзінің есімін, жұмыс орнын және қызметін айтып таныстырды.

   Семинардың Iбөлімінде III(базалық) деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер К.М.Байкулова 5В сыныбында орыс тілі пәнінен «Склонение имен существительных», география пәнінің мұғалімі Ш.Т.Жаксыгелдина мен ағылшын тілі пәні мұғалімі А.К.Бакишева 11Б сыныбында «Канада» тақырыбында кіріктірілген сабақ, А.Х.Кенжина әдебиеттік оқу пәнінен «Ғажайып бақ»,  Б.Т.Әлжан математика пәнінен «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

   Iбөлімнен кейін лицей координаторы Г.Е.Алибек семинарға қатысушылармен «Жүректен жүрекке» тренингін өткізді. Тренингке қатысушылар бір–біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдірді. Түрлі–түсті жұлдызшалар арқылы топқа бөлініп, семинардың II бөлімінде өтетін коучинг-сессиялар мен шеберлік сабақтары өтетін оқу бөлмелеріне орналасты.

    II(негізгі) деңгейдің бастауыш сынып мұғалімі, коучер Т.А. Аралбай «Сыни тұрғыдан ойлау-жаңа идеяға бастама» тақырыбында коучинг-сессия, II(базалық) деңгейдің бастауыш сынып мұғалімдері Қ.А.Тлеукулова «Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру», Ж.М.Макашева «Дүниетану сабағында жаңа әдіс–тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.

    Кері байланыс бөлімінде лицей координаторы Г.Е.Алибек пен III(базалық) деңгейдің бастауыш сынып мұғалімі А.А.Мусатаева «Еркін микрофон», «Плюс, минус, қызықты» стратегиялары бойынша рефлексия жүргізді.. Қонақтар семинардан алған әсерлерін  айтып, ой  бөлісті. Семинар соңында лицей директорының м.а. Н.Е.Бесбаева қорытынды сөз айтып, келген қонақтарға алғысын білдірді. Магниттік мектептер арасында өткен іс-тәжірибемен бөлісу семинары өз дәрежесінде, жоғары деңгейде өтті.   

Дата: 23.02.2016, 9:01 Автор: Школы и сады г. Балхаш