Тәуелсіздік – біздің байлығымыз

Тәуелсіздік – біздің байлығымыз

 

    Оқушылардың бойында ұлттық намысты, Қазақстан Республикасының тарихын және рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру мақсатында, 2016 жылдың 5 ақпанында ЖББ № 10-орта мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдық  тойына орай мектеп оқушылары ұйымы көшбасшыларының пікірсайыс клубының қалалық отырысы өткізілді.

    Отырыс тақырыбы:  «Тәуелсіздік - біздің байлығымыз» Отырыстың негізгі мақсаты: қазіргі кезеңдегі біздің еліміздің әлеуметтік, саяси және экономикалық дамуындағы мемлекет тәуелсіздігінің ролін айғақтау. Отырысқа қатысушы әр команда тақырыптар бойынша хабарламалар дайындады:

«ҚР Конституциясы және Тәуелсіздік» - ЖББ № 4 ом;

«ҚР Мемлекеттік рәміздері және Тәуелсіздік» - ЖББ № 1ом;

«ҚР Ұлттық ақшасы және Тәуелсіздік» - ЖББ № 10 ом;

«ҚР Демократиялық мемлекет және Тәуелсіздік» - ЖББ № 17ом;

«ҚР геосаяси жағдайы және Тәуелсіздік» - ЖББ № 3ом

     Тарих пәнінің мұғалімдерінен, қонақтардан  құралған сарапшылар командасы әр мектептің дайындығына, топтарына жақсы баға берді. Отырыста Қазақстан туралы әндер шырқалды, бейне-фильмдер мен слайд көрсетілді.                                                                            

    ЖББ № 10-орта мектеп командасында болған 10-сынып оқушысы Санжар Абильмажинов, Диас Жакыпбаев және Алефтина Стрыгина тақырып мазмұнын аша білді. Клуб отырысына «Әкелер қанаты» Әкелер кеңесі төрағасының орынбасары А.С. Русских қатысты. Алексей Сергеевич ұлттық ақша тарихынан қызықты деректер айтты, ақша белгілерінің топтамасын көрсетті. Пікірсайыс клубының отырысына  қатысушыларға Алғыс хаты тапсырылды. Мерекені дайындаған және өткізген ТЖ бойынша директор орынбасары Л.В. Кириченко және тарих пәнінің мұғалімі Т.А. Ремнева. 

Дата: 23.02.2016, 8:49 Автор: Школы и сады г. Балхаш