Cеминар «Білім беруден-білім алуға, оқытудан-оқуға»

Cеминар «Білім беруден-білім алуға, оқытудан-оқуға»

 

   ЖББ лингвистикалық бағыттағы  №16  орта мектебінде 2016 жылдың 9 ақпанында  сертификатталған мұғалімдердің  ұйымдастыруымен «Білім беруден-білім алуға, оқытудан-оқуға» атты  қалалық семинар өтті. Семинарға  қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен қала мектебінің  мұғалімдері, барлығы 35  адам қатысты.

   Семинар оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді  енгізу  арқылы  оқушылардың өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, білімін тиімді пайдалана білуге үйрету және  тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

     Семинарда 5 пәннен ашық сабақтар, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдістерін зерделеу», «Lesson stady – сабақты зерттеу әдісі» тақырыптарында коучингтар  мен «Көшбасшы болу - жетістіктерге жету» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді.

   Семинарға қатысушылар қорытынды ретінде өз ой-пікірлерімен бөлісіп, семинардың жұмысына жоғары баға берді.  Семинарда пән мұғалімдері Сағындықов Б.Н, Оспанова Б, Иманбекова Г.Т, Калибекова Р.О, Жұмажанова Қ.М, Сопыжанова Г.Р,  Буданова Г.К.  өз шеберліктерін көрсете білді.

Дата: 12.02.2016, 8:50 Автор: Школы и сады г. Балхаш