«Мамандықтың бәрі жақсы» атты қалалық үгіт – насихат сайысы

«Мамандықтың бәрі жақсы»   атты қалалық үгіт – насихат сайысы

 

        Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2016 жылы ақпанның 6 - сы күні №2 Абай атындағы лицейде «Мамандықтың бәрі жақсы» атты қала мектептерінің 7-8 сыныптар арасында қалалық үгіт – насихат  тобының сайысы өтті.

   Сайыстың мақсаты-мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, мамандық  әлемі туралы ақпараттар алу; оқушыларды қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, мамандық иелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

      Үгіт - насихат тобы өтілу формасына сай өздеріне берілген мамандық туралы  толық мағлұмат  бере білді.

      Бұл сайысқа қаламыздың орта және арнайы білім оқу орындарынан атап айтсақ,  қаламыздың медициналық колледжінен  А. Төребекова, Балқаш политехникалық колледжінен Е.А. Аринов, қаламыздың көпсалалы колледжінен Д. Қожаков, Балқаш Сервис колледжінен А. Тлеубекова, Балқаш гуманитарлы техникалық колледжінен И.А. Кайырбекова, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев атындағы техникалық колледжден Б.Т. Сарсенбеков сияқты мамандар келіп үгіт – насихат топтарын әділ саралай білді.

     Сайыс соңында әділқазылар алқасының саралауымен қаламыздың №8 орта мектебі , № 15 мектеп - лицейі, № 2 интернат және Абай атындағы № 2 лицей оқушыларының  үгіт - насихат тобы  үздік деп бағаланды.

Дата: 8.02.2016, 10:46 Автор: Школы и сады г. Балхаш