Балқаш қаласының оқу орнындағы студенттермен кездесу «Біз таңдаған жол»

Балқаш қаласының оқу орнындағы студенттермен кездесу  «Біз таңдаған жол»

 

    Адам өмірінің алдында әрқашан таңдау тұрады. Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды, әрі ең қиын шешім. Мамандық таңдауға әр оқушыны дайындауға көмек ретінде ұйымдастырылған кездесуде қала мектептеріндегі 9-сынып оқушылары және колледж студенттері қатысты. Колледж көшбасшылары оқушыларға өз мамандықтарын таныстырды, оқу орындары жайлы әр түрлі қызықты бейнебаяндар көрсетті, колледжде оқытатын мамандықтар жайлы атап өтті. Оларды оқушылар мұқият тыңдап, өздерін мазалайтын сұрақтарға жауап алды. Колледжге түсу үшін қанша балл жинау керектігін, оқу орнын бітірген соң жұмысқа орналасу туралы, студенттердің немен айналысатынын, олардың оқу орнындағы үйірмелер мен секциялар туралы, колледждің қандай жоғары оқу орындармен жұмыс істейтіні туралы сұрады. Сұрақтар әр қилы болды және студенттер сұрақтарға құлшына жауап берді. Іс-шарадан кейін өздеріне ұнаған мамандықтар жайлы тереңірек білу үшін оқушылар студенттермен бірге қалып әңгімелесті. Студенттер оқушыларға буклеттер мен кітапшалар үлестірді.

Кездесу оқушылар үшін өте тиімді, пайдалы болды. Осындай кездесулер дәстүрлі түрде болып тұрады деген үміттеміз, себебі біздің қоғамға жоғары білімді мамандар керек, ал оны жүзеге асыру үшін қалалық техникалық және мамандандырылған білімнің үлесі зор.

Дата: 8.02.2016, 6:33 Автор: Школы и сады г. Балхаш