Білім беру мекемелерінде «Отбасы-бақыт мекені» апталығының өтілуі туралы ақпарат

Білім беру мекемелерінде  «Отбасы-бақыт мекені» апталығының   өтілуі туралы ақпарат

 

      Білім бөлімінің іс-шаралар жоспары мен бұйрығына сәйкес және білім басқармасының әдістемелік нұсқаулықтары негізінде барлық білім мекемелерінде «Отбасы-бақыт мекені» атты апталық өтті.

       Отбасындағы құндылықтарды дәріптеу, достық ұғымдарын нығайтуға арналған «Отбасы-бақыт мекені» ақпараттық стендтер, «Мықты отбасы-мықты достық нышаны» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылды.

     Барлық білім мекемелерінде тәрбиелік сынып сағаттары«Адам өміріндегі отбасы рөлі», «Отбасы-ұлағат ұясы», «бірінші сынып оқушыларына психологиялық көмек» тақырыптарында бұқаралық ақпарат өкілдерімен және ата-аналар қауымдастығының қатысуымен өтті.

            Апталық аясында 6-9 сыныптар аралығында 345 оқушы қамтылған «Отбасым-алтын діңгегім» атты шығармалар сайысы, 1-4 сыныптар аралығында 480 оқушыны қамтыған «Мен бақытты баламын»асфальтта сурет салу сайысы, 9-10 сыныптар аралығында тренинг, дөңгелек үстелдер, «Біздің бақытты отбасы» тақырыбында альбом-коллаждар жарысы, қалалық  5-6 сыныптар аралығында «Бірге жетістіктерге жетеміз» спорттық іс-шара өткізілді.

             Сонымен қатар аз қамсыздандырылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларға арналған «Қайырымдылық - игі іс» қайырымдылық  акциялары ұйымдастырылды.

             11 қыркүйек күні барлық мектептерде бірыңғай «Отбасының бала өміріндегі рөлі» тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті, жиналысқа денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, ішкі істер инспекторларының, бұқаралық ақпарат өкілдерінің,білім бөлімінің қызметкерлерінің қатысумен өтті.

Дата: 17.09.2015, 6:33 Автор: Школы и сады г. Балхаш