«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы

«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы

 

     Барлық білім беру ұйымдарында қыркүйектің 10 мен  30 қазан   аралығында кітапхана жұмысының  сапасын  арттыру, балаларды  кітап оқуға қызықтыру мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы  өз жұмысын бастады. Әр отбасында керексіз кітаптар, оқулықтар, қызықты журналдар табылады, сондықтан ол кітаптар кейбір оқырман қауымының негізгі ақпарат көзі саналады Сіз кітапханаға кітап сыйлай отырып, оларға екінші өмір сыйлайсыз. Кітап адамның оқуға деген ықыласын оятып, құштарлығын туғызады. Кітапхана ұжымы сіздерден жақсы сақталған әдебиеттерді үлкен алғыспен қабылдайды.

         Баршаңызды осы акцияға белсене қатысуға шақырамыз!

Дата: 15.09.2015, 8:59 Автор: Школы и сады г. Балхаш