Балқаш қаласының білім мекемелеріндегі Білім Күні мерекесінің өтілуі туралы АҚПАРАТ

Балқаш қаласының білім мекемелеріндегі  Білім Күні мерекесінің өтілуі туралы  АҚПАРАТ

 

      1 қыркүйек күні  білім мекемелерінде Білім басқармасының әдістемелік нұсқау хатына сүйене отырып, білім бөлімінің бұйрығымен бекітілген жоспарға және атаулы мерекелер яғни, Қазақ хандығының 550 жылдығы,  Ассамблеяның 20 жылдығы , Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жылдық мерекесіне орай  Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың  ұлттық  идеясы, бабаларымыздың арманы екенін оқушыларға ұғындыра отырып, Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының  рәміздерін қастерлеуге,  еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Менің Отаным- Қазақстан» атты салтанатты жиындар болып өтті.

    Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталды.

         Мемлекеттік мекемелердің басшылары өскелең ұрпақты патриотизмге және толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында 10-11 сынып оқушыларымен «Ата Заңым тұғырым» атты патриоттық сабақ өткізді.

5 - 8 сынып оқушыларымен бірге «Тәуелсіздік, батырлық, ерлік құндылықтары», «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыптарында ерлік сабағы өтті.

   Мерекенің шешуші кезеңі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Менің Отаным-Қазақстан»  атты кітабын 1-сынып оқушыларына  сыйлық ретінде тарту ету  болды.

Сонымен қатар дәстүр бойынша:

  • Жоғарғы сынып оқушыларының ізбасарларына тілегі, флешмоб,  1 сынып бүлдіршіндерінің жақсы оқуға, мектепті, ұстаздар қауымын құрметтеуге сөз беруі ұйымдастырылды.
  • Мерекенің өтілу барысында «К нам осень пришла», «Звени звонок», «Сыңғырла, күміс қоңырау», «Әліппе», «Бақытты балалық шақ» т.б. әндері шырқалды.
Дата: 2.09.2015, 10:42 Автор: Школы и сады г. Балхаш