Лингвистикалық бағыттағы ЖББ №16 орта мектеп 17-ші қалалық жас жол инспекторлар слетінің өткізілуі жөнінде хабарлама
16.05.15. күні Балқаш қаласы білім бөлімі және ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің ұйымдастыруымен XVII қалалық жас жол инспекторлар слеті өтті.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол апаттарының алдын-алу жұмыстарын дамытып, қызығушылық танытып отырған қоғам мен ұйымдардың балаларды жол апаттарынан сақтау жұмыстарына назарын аудару.
Сайыс 8 бөлімді қамтыды. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды №10 мектептің «Каскад» тобы, ІІ орынды №15 мектеп лицейдің «Жас патруль» тобы, ІІІ орынды №8 мектептің «Қырандар» және қалалық гимназияның «Бағдаршам» топтары өзара бөлісті.
Дата: 20.05.2015, 3:47 Автор: Школы и сады г. Балхаш