«Самый классный классный - 2015»

«Самый классный классный - 2015»

       18 мамыр күні қалалық гимназияның акт залында «Самый классный классный - 2015» қалалық сайыстың соңғы кезеңі өтті. Бұл сайысқа қаламыздың 15 мектебі қатысты. Әр қатысушы өзінің сынып жетекшісінің толық есебін портфолио түрінде қорғады. Сайыстың келесі кезеңіне 12 сайыскер алдыға шықты. Олар жылдың атаулы күндеріне байланысты өз шеберліктерін ашық әңгіме сағаттары арқылы жеткізді. Шешуші кезеңге 6 сайыскер алдыға суырылып шығып, көрермендерге өздерін таныстыра отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін «Театр одного актера» атты сахналық қойылымда көрсетті.

      Қорытындылай келе, 3-і орынды №3 орта мектебінің сынып жетекшісі Дюзбаева Д.В. мен №17 орта мектептің сынып жетекшісі Прихненко Т.Е. бөлісті, 2-ші орынға ОШИОТ мектебінің  сынып жетекшісі Адрейсова Ш.А., 1-ші орынға №15 мектеп лицейінің сынып жетекшісі Жакупова Ш. иеленді. 

Бұл сайыста сайыскерлер өздерінің ұстаздық педагогикалық шеберліктерін жан-жақты көрсете білді.

Дата: 19.05.2015, 11:22 Автор: Школы и сады г. Балхаш