Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржановтың өшпес ерлігіне арналған «Отан үшін жан қиған ер» атты мектеп оқушылары арасында өткен көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы
2015 жылдың 5 мамыр күні № 2 мектеп-интернатында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржановтың өшпес ерлігіне арналған «Отан үшін жан қиған ер» атты мектеп оқушылары арасында өтетін көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық рухты жандандыру, олардың туған жердің тарихы мен әдебиетін, өнері мен мәдениетін білуге деген құштарлықтарын шыңдау, Отан үшін от кешіп, жанын қиып, ел рухын көтерген ерлеріміздің есімдерін мәңгілік есте ұстауға тәрбиелеу.
Байқауға Балқаш қаласының мектептерінен 16 үміткер мен Ақтоғай ауданың мектептерінен 3 үміткер қатысты.
Байқау ережесі бойынша қатысушы үміткер 2 бірдей тапсырма орындауы тиіс болды:
1. Майдангер жазушылардың ерлікке толы шығармаларының бірінен үзінді жатқа айту;
2. Танымал ақындардың Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған өлеңдерінің бірін жатқа айту;
Қазылар алқасы ретінде келесі құрам болды:
1.Танымал тарихшы-өлкетанушы, жалынды журналист-жазушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Сардарбек Күләш Ыбыжанқызы.
2.Балқаш қалалық білім бөлімінің әдіскері Әсемханова Гүлнар Базылханқызы.
3.Ақтоғай ауданы Жидебай батыр ауылы Қазбек Нұржанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директоры Серкебаев Қанат Рахметоллаұлы.
4.Танымал ақын-журналист, «Жырлайды жүрек» жыр жинағының авторы, қалалық «Пульс» газетінің тілшісі Сәденов Қуандық Мақсұтұлы
5. Журналист, қалалық «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Нұрдос Кәрім.
Байқау алдында Қазбек Нұржанов туралы ізденіс жұмысының нәтижесімен тарих пәнінің мұғалімі Жанат А. таныстырды. Байқаудың құрметті қонағы ретінде Қазбек Нұржановтың туған бауыры Өзбек Нұржановтың қызы Сәуле Нұржанова шақырылды. Ол кісі өз сөзінде Ұлы Отан соғысында қайсарлық танытып, ерлік көрсеткен батыр бабамыздың шашбауын көтеріп, байқау өткізіліп жатқанына ризашылығын білдірді.