Жастардың патриоттық қозғалысы «Менің Қазақстаным» атты ғылыми жобалар қорғау қалалық байқау ақпары

Жастардың патриоттық қозғалысы «Менің Қазақстаным» атты  ғылыми жобалар қорғау қалалық байқау ақпары

     Қазақстанның келешегі -  жастардың бойында азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімді ояту мақсатында  мектеп білім алушылары  арасында «Оқушылар сарайында» 27 наурызда «Менің Қазақстаным» атты жобалар қорғау байқауы өтті.

     Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналды. Байқауға 7 қала мектептері қатысып, 9 ғылыми жоба қорғалды.

     «Туған өлкемнің жаңа беттері» тақырыбында жобаны №3 орта мектеп оқушысы Хуснутдинов Чингиз қорғады. Ол Қоңырат кентінің еңбек ардагері С.Д. Джакуповтың отбасына, еңбек жолына тоқталды.

Туған қаламыз «Балқаш қаласы» жайлы  әр түрлі әлеуметтік маңызы бар мәселені өз жұмыстарында №25 орта мектеп оқушысы Эржанат Динара, №16 орта мектеп оқушысы Муратов Маргулан, №15 мектеп-лицейі оқушысы Мырзаханұлы Алихан талқылады.

Экологиялық бағытта  №15 мектеп-лицейі оқушысы Жақай Камила қорғап, өз жұмысында Арал теңізінің мәселесін көтерді.

«Халықтың күші - бірлікте» бағытында  Қазақстан  халқының достығы мен бірлігін насихаттау туралы жұмыстарды №2 мектеп-интернаты оқушысы Құрманбекова Маржан, №2 мектеп-лицейі оқушылары Акпанбаева Айгерім, Қасымбек Назерке, №10 орта мектеп оқушысы Рахимов Мансур  қорғады.

Қатысушылардың жұмыстарын бағалауда әділқазылар алқасы тақырыптың өзектілігіне, маңыздылығына, инновациялығына, қорғаушының сөз шеберлігіне, көпшілікке жеткізе алу мәдениетіне назар аударды.  Әділқазылар алқасы осындай бағалау өлшемдерін ескере отырып, келесі кезектегі оқушыларды марапаттады: І орын иегерлері  №15  мектеп-лицейі оқушысы Мырзаханұлы Алихан,  №16 орта мектеп оқушысы Мұратов Марғұлан; ІІ орын иегері №25 орта мектеп оқушысы Эржанат Динара, ІІІ орын иегері №10 орта мектеп оқушысы Рахимов Мансур.

Іс-шара соңында  әділқазылар барлық жастарды Отанымыздың нағыз патриот азаматы болуға, өз елінің салт-дәстүрлерін дәріптеуге, Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» үндеуінің белсенді мүшелері болуға шақырды.

Дата: 3.04.2015, 8:12 Автор: Школы и сады г. Балхаш