Наурыз-думан!

Наурыз-думан!

17 наурыз күні КМҚК «Бөбек» мектепке дейінгі мекемесінде Наурыз мерекесі басталып та кетті. Қазақтың ұлттық киімдерін киген балалар, түрлі ұлттық дәмдер жайылған дастарханның жанында Наурыз-жаңа жыл туралы тақпақтарын, өлеңдерін айтып мәз-мейрам болды. Мереке-думанға қонаққа Әже мен Көктем келді. Шуақты Көктем  балаларға өз жылуымен бірге қызықты ұлттық ойындар ала келіпті.Әже балаларға кішкентай сәбиді «бесікке бөлеу» рәсімін көрсетті. Балалар «Әлди-әлди» бесік жырын айтып сәбиді ұйықтатты. Мереке соңында қонақтар мен балалар «Қара жорға» биін билеп, таң қалдырды.

Дата: 18.03.2015, 5:21 Автор: Школы и сады г. Балхаш