Көктемгі тамшылар

Көктемгі тамшылар

2015 жылдың 04-нен 06 наурызына дейін КМҚК «Бөбек» мектепке дейінгі мекемесінде сүйікті Аналар мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті.  Балалар өздерінің әжелерін, аналарын көңілді билерімен, әндерімен, қалжыңдарымен, ертегі қойылымдарымен қуантты.

     Өздерін нағыз әртістер сияқты көрсете білген балалар ата-аналарын таң қалдырды.  Ересектер тобының тәрбиеленушілері, «Көктемгі тамшылар» шоуының жүргізушілері Степан Спирин, Серікбек Назым, Бектуров Бекжан и Тұрсынбек Айзат ертеңгілікті керемет жүргізді. Бұл шоуда қыз балалар әкелерімен  «Анастасия» биін билеп берді. Ал шоуды балалар мен тәрбиешілер флешмоб мерекелік шашуымен аяқтады.  

Дата: 18.03.2015, 5:13 Автор: Школы и сады г. Балхаш