«Заң және тәртіп»

«Заң және тәртіп»

2015 жылдың 12-13 ақпан күндерінде қалалық «Заң және тәртіп» атты полицияға жедел көмек көрсету топтары арасында байқау өтті.

Байқаудың мақсаты: полицияға жедел көмек көрсету топтарының жұмыс жасау белсенділігін арттыру, жасөспірімдер арасында ұсақ тәртіп бұзушылықты болдырмау, құқықтық білім деңгейін жоғарылату, оқу орнындағы ішкі тәртіптеріне бағынуға ықпал ету.

Байқауға 8-10 сынып арасындағы мектеп оқушылары қатысты. Байқау 2 кезең бойынша өткізілді: командирлер сайысы (портфолио қорғау) және агитбригада сайысы. Қатысушылар полицияға жедел көмек көрсету жұмыстарынан қорытынды агитбригада және портфолио, мектеп инсперторымен бірлесе атқарған жұмыстарын көрсетті. Әр мектептен полицияға жедел көмек көрсету топтарының құрамындағы оқушылар шақыртылды.

Байқауға агитбригада топтары жалпы құраммен өнер көрсетті, үй жұмысын, полицияға жедел көмек көрсету жұмыстарын музыкалық бағдарлама ретінде көрсетті. Агитбригадаларды бағалау кезінде тақырыпқа сай болуы, топтың шығармашылық көзқарасы, көрсету шеберлігі ескеріле отырды. Сонымен қатар портфолионың эстетикалық бағытыты мен жинақы материалдарына назар аударылды. Топтарды қазылар алқасы құрамы әділ бағалады. 

Байқаудың  қорытындысы бойынша:

         I орын – №10 орта мектебі, №17 орта мектебі

II орын–№24 орта мектебі, №3 мектеп-интернаты

III орын – қалалық гимназия, №1 орта мектебі, №16 орта мектебі

Қалған мектептер номинация бойынша түрлі мадақтамалармен марапатталды.

Дата: 27.02.2015, 5:42 Автор: Школы и сады г. Балхаш