«Сохраним память о Великой Победе» қалалық ғылыми-практикалық конференция

11 ақпан күні қалалық гимназияның конференц залында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Бижанова А. ұйымдастыруымен және тарих пәнінің мұғалімдері Милосердова В.Е., Гостевских А.В. жетекшілігімен 9-10 сыныптар оқушылары арасында ұйымдастырылған «Сохраним память о Великой Победе» атты тақырыпта қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Қалалық конференцияға іс-шараның ережесі бойынша орыс тілді №1, №4, №10, №17, №3 интернат, №3 мектептердің 9,10 сынып оқушылары арасынан 3 оқушы қатысып, тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстарын слайд көрсете отырып, «Герои Балхаша», «Балхаш. Тыл.», «Герои Казахстана», «Наука и ее развитие в годы войны в Казахстане», «Казахстан. Тыл», «Перелистывая страницы ВОВ» тақырыптарында баяндамаларын қорғады. Сонымен қатар «Балқаш өңірі», «Северная Прибалхашье» баспасынан және қалалық мұражайдан арнайы өкілдер, Ұлы Отан Соғысының ардагері, Балқаш қаласының құрметті тұрғыны Забаранилов Трифон Кондратьевич шақырылды. Конференцияға қатысқан оқушылар қалалық білім бөлімінің арнайы сертификатымен белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Қорыта келгенде, ғылыми –практикалық конференция берілген уақытта басталып, өз дәрежесінде ойдағыдай өтті.
Дата: 17.02.2015, 8:26 Автор: Школы и сады г. Балхаш