«Мұзды фантазиялар»сайысы

«Мұзды фантазиялар»сайысы

КМҚК «Бөбек» МЖДМ-де жаңа жыл тәрбиешілер мен ата-аналардың бірігіп жасаған «Мұзды фантазиялар» атты жобасымен басталды. Балаларға қызықты әрі көңілді болу үшін, ата-аналар мен тәрбиешілер бір апта бойы серуен алаңын әшекейлеп, қардан ғажайып ертегі алаңын құрады.

     Қорытындысында серуен алаңдарында қардан сарайлар, әр-түрлі жануарлардың мүсіні, су патшалығындағы дельфиндер мен сегізаяқтылар, руліне отырып, жүргізетін Тачки-2 мультфилміндегі көліктер, айдахардан жасалған сырғанақтар, ұшақтар және тағы да басқа ертегі әлемінің кейіпкерлері пайда болды. Балалар да апта бойы кішкене ыдыстарға түрлі-түсті мұздарды, ойыншықтарды қатырып, сүйікті балабақшаларының ағаштарын безендірді.

Сайыстың қорытындысы 3 ақпанда шығарылды: 1 орынды- №5топ (тәрбиешілер Абдибекова К.А.,Бимурзина А.Ж.); 2 орынды- №2топ; 3орынды–№1, №6топтар иеленді..

   ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ!

Дата: 3.02.2015, 10:05 Автор: Школы и сады г. Балхаш