Мереке ұйымдастырамыз!

Мереке ұйымдастырамыз!

     2015 жылдың 23 қаңтар күні в «Бөбек» балабақшасында  «Қыс қызықтары» ойын-сауық  өтті. Оған жүз шақты бала, он шақты үлкендер, оның ішінде ата-аналар қатысты. «Қарлар» мен «Аққалалар» топтарының капитандары рөлін ата-аналар сомдады. Ойын-сауыққы төрт ойын алаңы дайындалып, олар эстафета жарыстарын ұйымдастыру үшін шаңғы, шана, ойыншықтармен жабдықталды. Ең бастысы, осы алаңдарда балаларды Ақшақар, Қорбаң аю, Аққала, Әтеш және Шрек күтіп алды. Олар балалармен бірге жарыстарға қатысты. Ертегіден келген қонақтар балалардың шымыр дайындықтарын-нысанаға дәл тигізу, шаңғы, шанамен сырғанап, жүгірулері, мұз қалашықтарын құрастырудағы жылдамдықтарын көріп таң қалды. Ойын-сауық соңында жеңімпаздар медальдармен марапатталды.

Дата: 26.01.2015, 10:59 Автор: Школы и сады г. Балхаш