№24 орта мектебінде республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында өткен жаңа жылдық ертеңгілігі жайлы ақпарат

 №24 орта мектебінде  республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында өткен жаңа жылдық  ертеңгілігі жайлы ақпарат

Жаңа жыл - жаңа үміттер мен жақсы бастамалар. Жаңа жылға жақсы ниетпен аяқ басады. Ал, сол жаңа жылдық тағы бір кеш  08.01.2015 жылы №24 орта мектебінде  республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында   аз қамтылған ,көп балалы,  қамқоршысының қарамағында тәрбиеленетін , үйде оқытылатын оқушыларға арналған жаңа жылдық іс-шара  ұйымдастырылды.   Іс-шараға 25 оқушы қатысып, жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаражатқа  50 оқушыға  оқу құралдар алынып, сыйға тартылды.   Сонымен қатар, Локомотив пайдалану депосының басшысы Дулат Тлегенұлы Ахмадиев  шефтік көмек көрсету мақсатында 50 оқушыға тәтті сыйлықтар таратты.   Жас бүлдіршіндеріміз  Аяз ата және Ақшақармен, сонымен қоса ертегі кейіпкерлерімен көз жауын алатын қызылды-жасылды безендірілген жасыл шыршаны айналып би билеп ән шырқады.Өздерінің бала көңілдерінен шыққан өлеңдерін оқып сыйлықтарға ие болды. Кеш соңында мектеп директоры Қ.Ж. Ахметова жүрекжарды тілегін айтты. 

Дата: 9.01.2015, 10:39 Автор: Школы и сады г. Балхаш