«Құс жолы»

«Құс жолы»

 

6.11.2014жылы  жалпы білім беретін М.П.Русаков  атындағы №2 мектеп –интернат оқушылары өте тамаша сыйлық алды. Қала әкімінің орынбасары  С.Ж.Жаксылыкованың бастамасымен Балқаш қаласындағы Казкоммерцбанк филиалы мен «Құс жолы» қайырымдылық қоры «Болашақ» жазғы демалыс аймағына балаларға ойын алаңын орнатып, сыйға тартты. Бұл тарту балалардың жаз айында демалыс сәттерін көңілді өткізуге әрине септігін тигізеді. Салтанатты сыйға тарту сәтін қала әкімінің орынбасары  С.Ж.Жақсылықова ашып, балалрға жүрекжарды тілектерін айтты, одан кейін Казкоммерц банк филиалының директоры  Аглюкова А.А. өз тілегін айтып, осы мерекеге арнайы бағдарламамен келгенін айтты. Осыдан кейін балалар сайқымазақ Маридың сыйқырлы ойындарын қызықтады.Мерекенің соңында қонақтар балаларға әкелген тәтті сыйлықтарын таратты. Балалар атынан 5 сынып оқушысы  Омарова Айсұлу шын жүректен рахметін айтты.

Дата: 11.11.2014, 4:34 Автор: Школы и сады г. Балхаш