Қоғамдық – гуманитарлық бағыт бойынша пәндерден сабақ беретін мұғалімдерді тестілеуден өткізу туралы АҚПАРАТ

Қоғамдық – гуманитарлық бағыт бойынша пәндерден сабақ беретін мұғалімдерді тестілеуден өткізу туралы  АҚПАРАТ
Қазақ тілі мен әдебиетінің, орыс тілі мен әдебиетінің, шет тілі және тарих мұғалімдерінің біліктіліктерін жетілдіру және шығармашылық деңгейін анықтау мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 5 қараша күні №16 орта мектепте қоғамдық – гуманитарлық бағыт бойынша пәндерден сабақ беретін мұғалімдерді тестілеуден өткізді. Балқаш қаласы бойынша 282 мұғалім, Ақтоғай ауданынан 104 мұғалім тестілеуден өтті. Тест жұмысы әр пән бойынша 30 сұрақтан құралды. Жауап парақтарына боялды, сканерден өткізу арқылы тексеріледі. Қорытындысы әр мұғаліге жеке электронды нұсқада беріледі. Алынған тест жұмысы мұғалімдеріміздің жоғары, орта, төмен деңгейін анықтауға негіз болады деп ойлаймыз. Және де, ол мұғалімдеріміздің шығармашылық деңгейінің өсуіне, өздігінен білі алуына жетелейтініне сенеміз.
Дата: 6.11.2014, 9:28 Автор: Школы и сады г. Балхаш