Таланттылар мерекесі

Таланттылар мерекесі

06.06.2014жылы ең айқын  және талантты орындаушыларды шығару үшін Оқушылар сарайында «Балауса» жазғы демалу орталығының іс- шаралары негізінде «Әнші балапан» балалар  шығармашылығының конкурсы өтті. Өзінің танымалдылығын арттыруға, басқа сайыскерлермен сынға түсуге №2 лицей, №7 мектеп-гимназиясы, ЖББ №4,5,8,9,10,15,16,17 мектеп маңындағы лагерьлерінің  10 қатысушылары мүмкіндік алды.  Қатысушылардың репертуарына күн, жаз, балалық шақ және қуаныш туралы әндер кірді.

      Әділ қазылар алқасы шешімі бойынша гранприді Алибай Мадина (ЖББ №15) «Жібектің елі» атты әнімен, 1 орынды Ермилова Дария (ЖББ №17), 2 орынды Саматова Дана (ЖББ №16), 3 орынды Алимхан Бекнур (ЖББ №25) иеленді. Қатысушылар мен көрермендер жақсы көңіл-күй мен жағымды әсер алды.

Дата: 24.06.2014, 6:22 Автор: Школы и сады г. Балхаш