«Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауы

«Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауы

2014 жылдың 30 мамыры күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкердердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңін өтті. Бұл кезеңге Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Айтжанова Жанат Абенкызы қатысып қайтты. Байқауға барлығы 14 әдіскер қатысып, 4 кезең бойынша сайысқа түсті. Презентация-эссе, шебер сынып және ғылыми жұмысқа сараптама жасай отырып, әр әдіскер өзінің біліктілігін көрсетті. Сайыстың қорытындысы ретінде әдіскер Айтжанова Жанат Абенкызы жүлделі 1 орынға ие болып, қазан айында Алматы қаласында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алып, Қарағанды облысы намысын қорғайтын болады.

Дата: 4.06.2014, 5:29 Автор: Школы и сады г. Балхаш