Тіл-тәрбие кілті

Тіл-тәрбие кілті

    2014жылдың 5мамыры күні «Дошкольник БГМК» ЖММ «Бөбек» балабақшасында заман талабына сай баланың тілін дамыту үрдісі туралы педагогтардың әдістемелік деңгейін жаңарту, іс-тәжірибемен бөлісу, іскерліктері мен кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында «Балабақшада бала тілін ұстартудың жаңа әдістері» тақырыбымен семинар өтті. Семинарды балабақша меңгерушісі Жазбекова Ж.Т. тақырыптың өзектілігін ашып, тәрбиеленушілердің білім деңгейі туралы  айтып өтті. Балабақша педагогтары Айбосынова З.А.,Джакупова У.С.,Жумабаева А.С., Бимурзина А.Ж. семинарға қатысушы қонақтармен өз жұмыстарында қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдерімен, өз қолдарымен жасалған дидактикалық ойындармен бөлісті. Семинар жоспарына төмендегі бөлімдер енді:

·         Пеадгогикалық практикум «Сауатыңызды тексеріңіз». Мақсаты: педагогтардың тіл мәдениетін, сөздік қорын, халық ауыз әдебиетін, әдістемені білуін анықтау.

·         «Сиқырлы дыбыстар әлемінде» Ересектер тобында тіл дамыту және сауат ашудан ашық кіріктірілген ҰОІӘ (тәрбиеші Қуанышбекова Э.Х.)

·         «Шығармашылық лабиринті айдарында:

1. Тәрбиеші Мұхаметжанова А.А. және әдіскер Базарбаева К.М. балабақшада жаңа әдіс көрсетті.Ересектер тобының балалары «Мақта қыз бен мысық» мультфильмын дыбыстау арқылы көпшілік назарына ұсынды.

2. Балалардың тілін дамытуға арналған оқыту құралдары және дидактикалық ойындар көрмесі болды. (семинар қатысушылары арасында)

Дата: 20.05.2014, 9:25 Автор: Школы и сады г. Балхаш