Тәжірбиемізбен бөлісеміз

Тәжірбиемізбен бөлісеміз

2014 жылдың 30 сәуірінде «Дошкольник БГМК» ЖМ филиалының «Айгөлек» балабақшасында мектепке дейінгілердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда педагогтардың кәсібі біліктілігін көтеру мақсатында «Балабақшаның шынықтыру жұмысы жүйесінің денсаулық сақтау технологиясы» деген тақырыбы бойынша семинар өтті.

Осы берілген тақырыптың өзектілігін көрсете отырып, «Баланың денсаулығына және дамуынаәсер ететін балабақша» балабақшада берілген Бағдарламаның дамуын жүзеге асыруда көрсететін семинарды меңгеруші В.Ю.Бажбенова ашты.

Балабақшаның тәрбиешілері мен мамандары Е.И.Подольская, Е.Г.Старостина, Е.Н.Санайкина, А.А.Топорина, Н.Р.Зинатулина, А.Ж.Нурбекова, С.Ж.Тилеубек мектепке дейінгілермен жұмысында балабақша мен отбасы жағдайында, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қолдануда, қазіргі заман талабына сай денсаулық сақтау технологиясы туралы сөз сөйледі.

Семинар қатысушыларға балабақшаның тәрбиеленушілерінің орындауында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін (фитбол, құм терапиясы) және степ-аэробика (дене шынықтыру, музыка) тәртіп кезеңіндегі бейнекөріністер көрсетілді.

  Семинар соңында  балабақша педагогтарымен және ата-аналардың көмегімен  жасалған дәстүрден тыс жабдықтар көрмесін көрсетумен аяқтады.

Дата: 20.05.2014, 9:20 Автор: Школы и сады г. Балхаш