4 сынып оқушыларына арналған «Таным-2014 » облыстық олимпиадасы

4 сынып оқушыларына арналған «Таным-2014 » облыстық олимпиадасы

2014 жылдың 15 наурызы күні Облыстық білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының басшылығымен Н.Нұрмақов атындағы  мамандандырылған дарынды балалар мектеп интернатында, білімнің бірінші сатысын тәмәмдаған оқушының интеллектуалдық қабілетін көрсетуге және өзіндік бағалауына мүмкіндік беру, мемлекеттік тілді насихаттау және мемлекеттің білім саласындағы саясатына қолдау көрсету мақсатында 4 сыныптар арасында облыстық  III «Таным-2014» олимпиадасы болып өтті. Олимпиада 4 пән-қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша ұйымдастырылды.

         Олимпиада 2 айналымнан тұрды. I айналым - дүниетанудан өмірге негізделген тапсырмалар. Бұл айналымда оқушының шығармашылық қабілеті өмірге бағытталған тапсырмалар бойынша бағаланды. II айналымда 4 пәннен құрастырылған тест бойынша оқушылар білімдерін сынады.

         Қарағанды облысы бойынша барлығы 800 оқушы қатысқан бұл олимпиадаға Балқаш қаласы білім мекемелерінен 14 бала қатысып, оның 8-і жүлделі орынмен, 1-еуі математика пәнінен жоғарғы ұпай жинап дипломмен марапатталды.  1 орын Абай атындағы Кәрімхан Әмина (№2 лицей), 2 орын Жолдасбай Жандар (№15 мектеп), Есенова Балнұр (№7 мектеп-гимназиясы), 3 орын Шакимурат Жандос (гимназия), Петренко Александр (гимназия), Гамзатұлы Мерзат (№8 мектеп), Мейрбекова Индира (№9 мектеп), Прошунина Миланья (№10 мектеп).

         №5 мектептің оқушысы Келдібеков Нұрбол математика пәнінен жоғарғы ұпай жинап дипломмен марапатталды.

       

Дата: 19.03.2014, 10:36 Автор: Школы и сады г. Балхаш