2013-2014 оқу жылында жалпы білім беретін №8 орта мектепте өткен қалалық «Баба мұрасы-балаға аманат» атты Ясауитану байқауының ақпары

2013-2014 оқу жылында жалпы білім беретін №8 орта мектепте өткен қалалық «Баба мұрасы-балаға аманат» атты  Ясауитану байқауының ақпары

2014 жылдың 10-ақпаны күні ЖББ беретін №8 орта мектепте қалалық «Баба мұрасы-балаға аманат» атты  Ясауитану байқауы өтті.  Байқаудың сәтті өтуін жіті бақылаған Балқаш қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Әсемханова Гүлнар Базылхановна, қалалық мешіттің найб имамы Түсіпбеков Асылхан Рахымжанұлы, дәстүрлі «Ясауитану» байқауларының қалалық, облыстық жеңімпазы,  Балқаш Гуманитарлық Техникалық колледжінің студенті  Қалиасқарова Жазира.   Білім бәсекесінде Ержанова Аяулым №2 Абай атындағы лицейдің 8 сынып оқушысы, Ерланова Диана №7 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы, Мағрұп Мұрагер №8 орта мектептің 10 сынып оқушысы, Өміртай Әнел 8 сынып оқушысы, Бекбосын Іңкәр №9 орта мектептің 9 сынып оқушысы, Бүркітбай Дастан №16 мектептің 10 сынып оқушысы, Дарибекова Гүлзат №24 мектептің 8 сынып оқушысы өз бақтарын сынады.   Екі кезеңді қамтыған бұл байқау қызықты да, өте тартысты өтіп, қатысушылар   білім-біліктілігін көрсете білді.

 Бас жүлдені №7 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Ерланова Диана жүлделі І орынды иеленсе, ІІ орынды №16 орта мектеп оқушысы Бүркітбай Дастан, ІІІ орынды №2 Абай атындағы лицейдің 8 сынып оқушысы Ержанова Аяулым иемденді.  Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді.

Дата: 17.02.2014, 10:07 Автор: Школы и сады г. Балхаш