«Ауғанда өткен сол бір күн...» патриоттық әндер фестивалі

             «Ауғанда өткен сол бір күн...» патриоттық әндер фестивалі

15 ақпан 2014 жылы Ауғанстан жерінен біздің әскерлерімізді шығарғалы 25 жыл толады. Аталған мерейлі күнге  07 ақпанда ұйымдастырылған «Ауғанда өткен сол бір күн...» атты патриоттық әндер фестивалі арналған болатын.  Кездесуге интернационалист әскерлер: «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің әскери бауырластығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхамедиев Бауржан Меирханович, аға сержантБалқыбеков Талғат Қадыберліұлы, отставкадағы капитан Нургалиева Ляззат Мубараковна,  прапорщик – Русских Сергей Иванович, аға лейтенант – Абдірбаев Марат Дінисламұлы, сержант – Аязбаев Мурат Жолдасбаевич келіп, оқушыларға Ауғанстандағы тәуекел мен апатқа толы қызмет еткен жылдар жайлы әңгімелеп берді.

Фестивальда Ауған соғысы жылдарындағы әндер мектептердің вокалды топтарының орындауында шырқалды.

Дата: 11.02.2014, 9:28 Автор: Школы и сады г. Балхаш