«Жас жүргізушілер» Шешендік шеберлік конкурсы
Кез келген адам өз ойын әдемі, сауатты жеткізе алмайды. Бұл өнер талантты адамдарға тән. Осындай талантты оқушыларды «Оқушылар сарайы» 2014 жылдың 5 ақпанында шешендік шеберліктің «Жас жүргізушілер» конкурсының кастингісіне жинады. Конкурс талантты жүргізушілерді анықтап, оларды қолдау мен Оқушылар сарайының үздік жетістіктерін жариялап тарату мақсатында ұйымдастырылды.
Куаныш Г.К. жетекшілік етеін «Шарайна» театр үйірмесінің 6 тәрбиеленушісі трибунадан сөз сөйлеу, сахнада жүру, подиумға шығу және залға жақындау, микрафонды қолға алу немесе жанды даусыпен сөйлей білу машықтарын көрсетті. Жарыссөз тақырыптары әртүрлі болды: «Мен шешенмін», «Актерлік шеберлік», «Көркемсөз оқу», «Көрерменмен жұмыс».
Конкурс жеңімпаздары:Дуанбекова Айдана №2 лицейдің 9 «Д» сынып оқушысы-1 орын, Олжабай Жанел, № 16 орта мектептің 7 «А» сынып оқушысы-2 орын, Қалқаман Гұлнұр №2 лицейдің 9 «Б» сынып оқушысы-3 орын.
«Мен шебермін» номинациясы бойынша № 16 орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Кошкинбай Абылай, «Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша № 16 орта мектептің 8 «Г» сынып оқушысы Сиязбек Нұрқанат, «Мен шешенмін» номинациясы бойынша № 16 орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Қуандық Ұлпан марапатталды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!