«Жас жүргізушілер» Шешендік шеберлік конкурсы

«Жас жүргізушілер» Шешендік шеберлік конкурсы

Кез келген адам өз ойын әдемі, сауатты жеткізе алмайды. Бұл өнер талантты адамдарға тән. Осындай  талантты оқушыларды «Оқушылар сарайы» 2014 жылдың 5 ақпанында шешендік шеберліктің «Жас жүргізушілер» конкурсының кастингісіне жинады. Конкурс талантты жүргізушілерді анықтап, оларды қолдау мен Оқушылар сарайының үздік жетістіктерін жариялап тарату мақсатында ұйымдастырылды.

Куаныш Г.К. жетекшілік етеін «Шарайна» театр үйірмесінің 6 тәрбиеленушісі  трибунадан сөз сөйлеу, сахнада жүру, подиумға шығу және залға жақындау, микрафонды қолға алу немесе жанды даусыпен сөйлей білу машықтарын көрсетті. Жарыссөз тақырыптары әртүрлі болды: «Мен шешенмін», «Актерлік шеберлік», «Көркемсөз оқу», «Көрерменмен жұмыс».

Конкурс жеңімпаздары:Дуанбекова Айдана №2 лицейдің 9 «Д» сынып оқушысы-1 орын, Олжабай Жанел, № 16 орта мектептің 7 «А» сынып оқушысы-2 орын, Қалқаман Гұлнұр №2 лицейдің 9 «Б» сынып оқушысы-3 орын.  

                «Мен шебермін» номинациясы бойынша № 16 орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Кошкинбай Абылай, «Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша № 16 орта мектептің 8 «Г» сынып оқушысы Сиязбек Нұрқанат,  «Мен шешенмін» номинациясы бойынша № 16 орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Қуандық Ұлпан марапатталды.

                                               Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

Дата: 11.02.2014, 9:23 Автор: Школы и сады г. Балхаш