Қалалық «Мамандықты таңдап ал да, кәсіп қыл» дебат турнирі
Оқушылардың арасында шешендік өнерді айқындау мен жастардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында 2014 жылдың 30-31 қаңтарында Оқушылар сарайында жалпы білім беретін қала мектептерінің 8-10 сыныптар арасында дебат турнирлерінен бірінші жолдастық кездесу өткізілді. «Мамандықты таңдап ал да, кәсіп қыл» атты Американдық Парламенттік форматта өткізілген дебат турниріне 10 команда қатысты: қалалық гимназия, № 2 лицей, № 3, 4, 9,10, 15,17, 25 орта мектептер, №7 мектеп-гимназиясы.
Ойын барысында Балқаш қаласында жоғары білім алудың қиындықтары, мектепте кәсіптік бағдар беру жүйесінің әдістері, түлектерді еңбек тәжірибесіз жұмысқа орналастыру және т.б маңызды тақырыптарда ой таластырды. «Болашақ» тобының спикерлері, № 25 орта мектеп оқушылары Төлеухан Жансерік және Қали Алуа қаламызда ЖООның жоқтығынан кадырлардың жетіспеушіліктерін атап өтті. № 15 орта мектеп оқушылары Болатов Бауыржан мен Сейділдә Нұрхат және қалалық гимназияның оқушылары Әбенова Жанерке мен Надырбеков Сұлтан еңбек тәжірибесінсіз жұмысқа алудың қиындықтары жайлы ой алмасты. № 10 орта мектебінің «Драйв» тобының спикерлері Кирилюк Екатерина мен Шкуркина Ангелина және № 17 орта мектебінің «Смайл» тобының спикерлері Топарбаева Айжан мен Аскар Жанна жоғарғы сынып оқушыларын жеке оқыту жайлы сөз таластырып, қызық ойын көрсетті.
Барлық дебат командаларына алғыс хаттар тапсырылды.