Балалар маслихаты хатшысын сайлау

Балалар маслихаты хатшысын сайлау

Биылғы жылы Балалар маслихаты 3 жыл толып отыр. Балалар маслихаты – бұл жастар саясатын жүзеге асыратын ұйым. 2014 жылдың 28 қаңтары күні Оқушылар сарайында Балалар маслихаты депутаттары кезекі Балалар маслихаты хатшысын сайлауын өткізді.   Сайлауды 2013  жылға сайланған Балалар маслихаты хатшысы Амирхан Арнұр жүргізді.  

Сайлауға 17 қала мектептерінің Балалар маслихаты депутаттары қатысты. 8  депутат өзінің мектеп өмірі мен өздері тұрып жатқан Балқаш қаласының жағдайын жақсарту туралы сайлау алды бағдарламаларын қорғады.

Сайлау қорытындысы бойынша Балалар маслихатының хатшысы болып, 70 пайыз дауыс жинаған, Өмірбаев Абылайхан № 15 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы сайланды.

Дата: 4.02.2014, 6:46 Автор: Школы и сады г. Балхаш