«Алақай, балақай!» қызықтар мен ойын күні

«Алақай, балақай!» қызықтар мен ойын  күні

Оқушылар сарайында мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған әр демалыс сайын қызықты да, әсерлі іс-шаралар өткізілетін «Шапағат» демалыс күнгі клубы жұмыс істейді. Осы демалыс күні де бос өтпеді.                    26 қаңтар Оқушылар сарайы үшін «Қызықтар мен ойындар күні» болып жарияланды. Балалардың алдында шығыс жекпе-жегі бойынша «Каратэ-до» секциясының тәрбиеленушілері (жетекшісі С.И.Билялов) тамаша өнер көрсетті. Көңілді клоундар «Шапағат» клубы балаларының алдында би флеш-мобын, «Кенгуру», «Ең жүйрік велосипедші», «Мақсатқа жет» конкурстарын жүргізді.Конкурстарға барлық іс-шараларға үнемі қатысушы ата-аналар да қатысты. Өте қызықты және көңілді болды. Біздің қатысушыларымызды жанкүйерлер «Englishclub»тәрбиеленушілері мен ата-аналар қолдап отырды. .

Дата: 28.01.2014, 7:00 Автор: Школы и сады г. Балхаш