Мектеп оқушыларының 2013 жылғы қалалық пәнаралық олимпиадасының қорытындысы

          2013 жылы 18,19 желтоқсан күндері « Жалпы білім беретін 14 пәндерден олимпиада өткізу туралы» облыстық білім басқармасының №541 13.12.2013ж бұйрығына сәйкес мектеп оқушылары арасында қалалық олимпиада өткізілді.

           Олимпиаданы өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылып, құрамына білім бөлім қызметкерлері,олимпиада өткізілетін мектеп басшылары (жбб №15, жбб №8, жбб №17, лицей №2) кіргізілді.

              Қалалық пән олимпиаданың тапсырмалары мен методикалық нұсқауларды  республикалық «Дарын» орталығы дайындады. Кей тапсырмалар оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында ілгерілей дамытуға арналған болса және қатысушылардың сабақ барысында алған білімдері ғана емес, жекелей ғылыми ізденіс жұмыстары кезеңінде алған білімдері есепке алынып, оқушының қабілетін ашуға бағытталған.

              Қалалық пән олимпиадасына барлығы 632 оқушы қатысты. 301 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

              Облыстық іріктеу турына 35 жұмыс ( гимназия-6, лицей №2 -10, жбб №15-8, № 7 мектеп-гимназиясы -3, жбб №17-3, жбб №1-2, жбб№3 -1, жбб №10-1, жбб №16-1) жіберілді.

Дата: 28.12.2013, 5:45 Автор: Школы и сады г. Балхаш