Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған тақырыптық апталық «Ручеек» балабақшасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне  арналған тақырыптық апталық    «Ручеек» балабақшасы

Желтоқсанның 09-ы  мен 13-і  аралығында «Ручеек» балабақшасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған   «Елім менің, жерім менің» атты   тақырыптық апталық өтті. Балабақша тәрбиешілері ата аналар мен балалар арасында шығармашылық жұмыстар жүргізді. «Менің Тәуелсіз - Қазақстаным » атты сурет салудан конкурс болып өтті. Естиярлар  тобының тәрбиешілері Ж.Ж.Ермагамбетова мен А.В. Малявина «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты кешенді сабақ жүргізді.  Ересектер  тобының балалары  «Елім менің, туғаным менің - Қазақстанным» атты  таңғажайып саяхатқа аттанды. Балабақшаның сәбилеріне естиярлар мен ересек тобының балалары әдебиет қонақ жайын ұйымдастырды. Балабақша педагогтерінің арасында  әдебиет викторинасы  болып өтті. Тақырыптық апталық «Елім менің, жерім менің» атты мерекелік  концерттпен аяқталды.

Дата: 13.12.2013, 10:45 Автор: Школы и сады г. Балхаш