«Халқымның Ұлы перзенті»мерекелік концерттік бағдарламасы

 «Халқымның  Ұлы перзенті»мерекелік  концерттік бағдарламасы

2013 жылғы 1 желтоқсанда қала мектептерінің жасұландықтары, құрметті қонақтары мен білім ардагерлері қатысқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.

Концерттік бағдарламада «Үшқоңыр- жүрегіме қымбат жайлауым» атты театрландырылған музыкалық композиция (№7 мектеп-гимназиясы), аға вожатыйлардың үгіт бригадалары, №8 орта мектебі кадет сыныбының көрнекі орындауы ұсынылып, №2 лицей хорының «Жасай бер, Қазақстан» әні, №15 орта мектептің «Астана» вокал тобы, №24 орта мектептің «Ариайдай» дуэті, №16,2 орта мектеп пен №2 мектеп интернатының «Жасұлан» гимні шырқалды.  Сонымен бірге, Оқушылар сарайы «Томирис», «Достық» би ұжымдарының «Шаттық», №2 лицейдің, №2 мектеп интернатының, №8,10,16,17 орта мектептердің би ұжымдары, «Оймақтар», «Қуаныш» би ансамбльдерінің  би композициялары ұсынылды.

Дата: 3.12.2013, 11:47 Автор: Школы и сады г. Балхаш