ҚарМУде Қазақстан тарихынан облыстық олимпиада өтті.

     Қазақстан тарихынан «Клио-2013» олимпиадасына Қарағанды облысынан 200 ден астам оқушылар қатысты.2013 жылы  қарашада Қазақстан тарихынан олимпиадаға облыстың қала және ауыл мектептерінен  200 ден астам 11 сынып оқушылары  қатысты.«ҚарМУ-дің тарих факультетінде «Клио» олимпиадасы төртінші жыл өткізіледі  және өз Отанының тарихын терең зерттеп жүрген дарынды және талантты балаларды анықтауға, сонымен қатар жастарда патриоттық сезімді, ел тарихына қызығушылықты дамытуға мүмкіндік береді» - деп атап өтті жоғары оқу орнының мұғалімдері. Олимпиада екі турдан тұрады: тестілеу және аналитикалық сұрақтары бар жазбаша жұмыс.«Олимпиада жүлдегерлері мемлекеттік грантқа ие болмаған жағдайда,  тарих факультетіне жеңілдікпен түсу құқығына ие болады. Бірінші орын - 50% жеңілдік, екінші орын -30% жеңілдік, үшінші орын-10%.жеңілдік.»Олимпиадамен қатар ҚарМУ  тарих пәнінің мұғалімдеріне  арналған «1931-1933 жылғы ашаршылық» тақырыбында семинар өтті. Балқаш қаласынан 14 оқушы қатысты. Екінші турға 6 оқушы өтті, жүлделі орындарға ие болғандар:

1 орын-Дарибеков  Данияр (№16  ОМ)                                                                                               

3 орын-Шайкен  Абылай (№15ОМ)                                                                                                            

4 орын- Асильбаева Меруерт (№17 ОМ), Татиева Камила(№24 ОМ), Рамазанов Азамат (№15 ОМ).

Дата: 3.12.2013, 6:40 Автор: Школы и сады г. Балхаш