«Күздік марафон»

«Күздік марафон»

Кішілер тобында өткізілген күздік мерекеге қонаққа Қарқылдақ  Қарға келді. Балалар оған жаңбырдан қорықпайтындарын, күзді жақсы көретіндерін көрсетті. Балалар Қарқылдақ Қарғаға күздің жаңбыры мен желінен қорғансың деп қолшатыр сыйлады. Ал Қарқылдақ Қарға ризашылығын білдіріп, балаларға тәттілер сыйлады.

                     Естиярлар тобынын балалары Күзге орман аңдарының қыс мезгіліне қалай дайындалатындарын айтып берді. Олар Мақтаншақ Түлкіге қалай көңілді билеп ойнайтындарын көрсетті. Бірақ Түлкі барлығын алдап Күздің берген себетшесін алып кетеді. Бірақ көмекке  мейірбан Кірпі келіп, Күздің  тәтті саңырауқұлақтар салған себетшесін қайтарып берді.

                    Ересектер тобында «Күздік марафон» өткізілді. Балалар сайыста тақпақтар айтып, жұмбақтар шешіп, өлең айтып, би биледі. Сонымен қатар театрландырған және дәмгер сайыстарына түсті. Соңында Достық жеңді.

                  Әділқазылар сайысқа қатысқан командаларды «Алтын» тәттілермен марапаттады, ал Күз сыйлыққы себетшеге салған алма әкелді.

Дата: 13.11.2013, 5:44 Автор: Школы и сады г. Балхаш