Қалааралық «Жас құтқарушы» 2013 олимпиадасының өткені туралы ақпарат

Қалааралық  «Жас құтқарушы» 2013  олимпиадасының  өткені  туралы  ақпарат

Балалармен жұмыс істеудің ең манызды мақсаты- олардың қауіпсіздігін ету болып табылады.Оқу орындарында өтетін әр түрлі іс-шаралар-балаларда өмір сүру қауіпсіздік дағдыларын тәрбиелейді,олардың күш куатың дұрыс жаққа бағыттайды.

2013 жылдың 17 қазанында Балқаш көлінің жағалауында қалалық білім беру бөлімінің келісімімен Балқаш қалалық төтенше жағдай басқармасы ұйымдастырған «Төтенше жағдай қызметінің құрылу күні» құтқарушылардың кәсіби мейрамына арналған қала мектептері арасында олимпиада өткізілді. Осы олимпиадаға демеуші болған Балқаш қаласының ТЖ Басқармасының жеке құрамы.

          Олимпиада бес кезенді қамтыды,  «Қауіпсіздік картасы» үй тапсырмасынан және « Жас құтқарушылар агитбриғадасының» өнер көрсетуінен тұрды. Әр кезенде қәуіпсіздік өмір сүруді қамтамасыз ету сұрақтары бойынша Балқаш қаласының ТЖ Басқармасы өндеген жазбаша тест түрінде тапсырмалар берілді. Осы кезеңге қатыспаған балалар билет сұрақтарына жауап берді. Командалар аты, ұраны, эмблемасы арқылы өздерінің сахна  шеберлігін,ақындық өнерін және нағыз құтқарушылардың бейнесін көрсете білді.

Қалалық  олимпиада  нұсқауы  облыстық  олимпиада талаптарына сәйкес келеді.

Осы сайысқа 140 баладан тұратын  14 қала мектептері қатысты.

Төтенше жағдайлар бойынша Басқарма, СПЧ-45, «СПиАСР», ҚБ, Қарағанды облысы  Төтенше жағдайлар Департаменті, қалалық «орталық аурухана», Балқаш  қаласының  жол  полиция  бөлімі, қалалық  білім беру бөлімінің  әдіскері  және АЭД оқытушылары осы өткізілген олимпиада қатусышыларының дайындығына ұлкен көмек көрсетті.

Оқу үрдісінің басты мақсаты-осындай жарыстардың қажеттілігін талап етеді, өсіп келе жатқан жеткіншектерді тәрбиелейді, қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылдырады, физикалық қабілеттілігін және теориялық білімдерін арттырады.

ТЖ бойынша Басқарма, СПЧ-45, «СП и АСР» ҚО ТЖД, БВСС ҚО ТЖД, «Орталық аурухана», Балқаш қаласының жол полиция бөлімі және білім беру қызметкерлерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы № 15 мектепке-1 орынды, № 10 мектепке-2 орынды, ал  3-орынды №16 мектепке берді.

Дата: 23.10.2013, 11:05 Автор: Школы и сады г. Балхаш