БАЛҚАШТЫҚ МҰҒАЛІМДЕР № 5 МЕКТЕПТЕ ДІНТАНУ КУРСЫНАН ӨТТІ

         БАЛҚАШТЫҚ МҰҒАЛІМДЕР № 5 МЕКТЕПТЕ ДІНТАНУ КУРСЫНАН ӨТТІ

Қыркүйек айының 30-нан қазан айының 2-не дейінгі аралықта мектептерде «Дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін 25 мұғалім 3 күндік курстан өтті. Оқу қаламыздағы жалпы білім беретін №5 орта мектептің ғимаратында өткізілді. Мұғалімдерге Қарағанды қаласынан келген жаратылыстану ғылымының доценті, Қарағанды облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының қызметкері Насридин Әбдіхалықов дәріс берді.

Оқудың бірінші күні «Дінтану негіздері» пәнінің оқу бағдарламасындағы өзгерістерімен таныстырды. Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сондықтан да бұл оқу мұғалімдердің көкейінде жүрген біраз сұрақтардың жауабын тапқандай. Сабақты өмірмен байланыстыра отырып, әр түрлі мысалдар арқылы әңгімелеу мұғалімдер тарапынан да қолдау тапты.

Курстың соңғы күні қатысушылар мен дөңгелек стол түріндегі пікір алысу сабағы өткізілді. Мұғалімдерге бірнеше тақырыптар ұсынылып, соның ішінен бір тақырыпты таңдауға рұқсат берілді. Көпшілік мұғалімдердің қалауы бойынша таңдалған тақырып – «Шариғат заңдарының ұлт тарихындағы алатын орыны». Осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғаған мұғалімдер қауымы өздеріне таныс «Абай жолы» эпопеясындағы Қодар мен Қамқа арасындағы байланысты тілге тиек етті. Бұлардың арасындағы қатынастың шариғатқа қайшы келетін тұстарын анықтады. Қызу пікір таласқа кірген ұстаздар уақыттың қалай өткенін де байқамай қалды.

Сабақтың соңында оқушылардың қатысуымен қаламыздағы мешіттің наиб имамы Асылхан Түсіпбековпен кездесу болды. Кездесуде «Қазақстанда хиджаб кию қажеттілігі бар ма?» тақырыбында әңгіме қозғалды. Оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Кездесу соңында хиджаб киюдің еш қажеті жоқ деген түйін жасалды. Жалпы аз уақыт ішінде өткізілген оқу түрі мұғалімдерге ұнады. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын ерекше құбылыс екенін мойындады. Олар өздеріне дәріс берген Әбдіхалықов Насридин мырзаға шексіз алғыстарын сөзбен айтып жеткізіп жатты.

Дата: 23.10.2013, 10:56 Автор: Школы и сады г. Балхаш