Тәрбиеші болу бақыт!

Тәрбиеші болу бақыт!

Осындай атаумен 2013 жылдың қыркүйек айында мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері арасында республикалық жарыс өтті, оған ЖММ «Дошкольник БГМК» филиалының «Айгөлек» балабақшасының төрт тәрбиешісі қатысты.  Жарыстың нәтижелері Ұстаздар мерекесі қарсаңында жарияланды, өздерінің төл мерекесіне 2-орынды иеленген Топорина Александра Александровна және 3-орынға ие болған Шкретова Наталья Владимировна  керемет сыйлыққа ие болды. Двирнык Светлана Викторовна және Санайкина Елена Николаевна «жарысқа қатысты» деген Диплом алды.  Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Бұл жеңіс республика деңгейіндегі ЖММ «Дошкольник БГМК» филиалы педагогтарының алған алғашқы жеңісі, Балқаш қаласының мектепке дейінгі білім беретін педагогтары үшін жақсы бастама болсын.

Дата: 8.10.2013, 10:57 Автор: Школы и сады г. Балхаш