«Отбасы күні»

«Отбасы күні»

Бүгінгі таңда балабақша әлеуметті-педагогикалық ортаны қалыптастырушы болып, отбасы, мектеп және баланың мүддесін сабақтастарып отыр. Сол арқылы күрделі мәселелер шешімін табуда. Осы байланыс нәтижесінде қатысушылар арасында эмоционалды қарым-қатынас орын алып, сенім қалыптасады. Педагогтар мен ата-аналар арасында осы бағыттағы тәжрибе үйлесімін табады,бала тәрбиесіндегі құзреттілік жетіледі. 2013 жылдың 6 қыркүйегінде «Ер Төстік» балабақшасында «Отбасы» күнні өтті. Осы мерекеге орай өткізілген әртүрлі шараларға ата-аналар түсінікпен, қызығушылықпен ерекше қатысты. Ортаңғы топтың тәрбиешілері «Менің отбасым» тақырыбында сабақ өткізсе,ІІ-ші кіші топта «Бір шаңырақ аясында» атты сурет көрмесі ұйымдастырылса, ал ересектер тобында «Әкем, анам және мен-жаттықтырылған отбасымыз» атты спортық жарыс өтті. Осындай әдіс-тәсілді қолдану ата-аналардың балалармен, отбасымен қарым-қатынастарын нығайтады.

Дата: 10.09.2013, 9:11 Автор: Школы и сады г. Балхаш