Бүлдіршін, құтты болсын қадамың!

Бүлдіршін, құтты болсын қадамың!

3 – ші қыркүйек күні № 15 Балқаш қалалық  жалпы білім беретін орта мектебінің мектепалды даярлық топтарының «Білім күніне»  арналған салтанатты жиын өтті.

            Алғаш  білім нәрімен сусындайтын мектеп табалдырығын аттағалы тұрған  кішкентай бүлдіршіндердің  бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы білім күнін ұстаздардың  құттықтау сөзімен басталып, еліміздің Әнұраны шырқалды.

            Салтанатты жиынды мектеп директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы құттықтау сөзімен жалғастырып,  бүлдіршіндерге  ақ жол тіледі.

Мектеп туралы қысқаша мәлімет беріп  өтті. Мектеп биыл өзінің 5 – ші оқу  жылын бастап, бесінші  рет мектепке бүлдіршін қабылдап отыр. Биылғы 2013 – 2014 оқу жылында  мектепалды даярлық тобына 150 бүлдіршін қабылданып, «Таңшуақ» шағын орталығына 85 бала тәрбиеленуде.2012 – 2013 оқу жылында 948 оқушы санымен аяқтаса, биылғы оқу жылында жалпы  1  - 11 сыныптар оқушы саны  - 1100 ге арта түскен.

Дата: 4.09.2013, 10:43 Автор: Школы и сады г. Балхаш