Балқаш қаласындағы "Спорт Достық 2013" спорт күнін өткізу туралы ақпарат

Балқаш қаласындағы

Қарағанды облысында "Спорт Достық 2013" спорт күнін өткізу туралы концепциясына сәйкес жоспар бекітілді.

2013 жылдың 18 тамызы күні 10.00 мен 12.00-ге дейін Тәуелсіздік алаңында қалалық "Спорт күні" мерекесі өткізілді. Мерекеге орай "сәлем беру" акциясы жүргізіліп, 1200  сәлемдесу тіркелді.

Мерекеге қатысушылар жаттығу жұмысына белсене қатысты.

Мерекеге қатысушыларды қала әкімінің орынбасары А.Е.Оспанов, "Нүр Отан" ХДП-ның қалалық филиалы төрайымының орынбасары Б.М.Секербекова, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, спорт ардагері, Балқаш қаласының құрметті азаматы А.И.Апачинский құттықтады.

Балқаш қаласының Спорт ардагерлері мен спорт жеңімпаздарына алғыс хаттар табыс етілді.

"Жекпе-жек" спорт клубы "Восток" спорт мектебінің жас спортшылары өнерлерін көрсетті.

Мерекеге қатысушылар "көңілді спорттар", "Әкем, шешем және мен" спорттық сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды.

Дата: 23.08.2013, 9:50 Автор: Школы и сады г. Балхаш