«Мен, Сен, Ол- бәріміз тату отбасымыз» атты асфальтқа сурет салу байқауы.

«Мен, Сен, Ол- бәріміз тату отбасымыз» атты асфальтқа сурет салу байқауы.

2013 жылдың 25 маусымында Жағалауда Балқаш қаласының желілік кестесі бойынша өткізілген, «Астананынң 15 жылдығына – 15 қайырымды іс» астанамыздың 15-жылдығына орай «Мен, Сен, Ол – бәріміз тату отбасымыз!» атты асфальтқа сурет салу байқауы өткізілді.

       Байқауға 300-ден астам қала мен Қоңырат кентінің мектеп ішіндегі лагердің балалары қатысты. Әділ-қазылар алқасының мүшесіне Оқушылар сарайының жалпы бөлімінің меңгерушісі Трайд Е.А. және Оқушылар сарайының «Бояулар сыры» үйірмесінің басқарушысы Буланбекова Б.Д. кірді.

       Суреттерде балалар біздің отанымыз –Астананың барлық қазақстандықтар үшін жалпы үйіміздің өздерінің көзқарастарын көрсетті. Ең үздік жұмыстар Балқаш қаласының білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Байқау балаларға қатты ұнады, ал ересектер әлі де Жағалаудағы көркем суреттермен рақаттанды.

Дата: 25.06.2013, 9:54 Автор: Школы и сады г. Балхаш