Лингвистикалық бағыттағы жалпы білім беретін №16 орта мектептің «Су асты патшалығы» атты музыкалық бағдарламаның қорытынды ақпары

Лингвистикалық бағыттағы жалпы білім беретін №16 орта мектептің «Су асты патшалығы» атты музыкалық бағдарламаның қорытынды ақпары

"Сүлеймен" күніне арналған "Су асты патшалығы" музыкалық бағдарламасы көл жағасында басталып, орталықтың ойын бөлмесінде жалғасын тапты. 

Мақсаты: балалардың су туралы түсініктерін кеңейту. Судың қасиеттерін көрсете отырып, мағлұмат беру. Бағдарлама 4 кезеңнен құрылған. Суда өмір сүретін балықтардан, қосмекенділерден және құстардан бір-бір түрі таңдалып, жеребе ойнатылды. Жеребе бойынша І топқа қосмекенділер тобынан бақа түсті. ІІ топқа құстар тобынан үйрек және ІІІ топқа балықтардан акула таңдалды. Сол таңдалған хайуанаттар бойынша сайыс жүргізілді. 1 кезең - өздерін таныстырды, 2 кезең - сұрақ-жауап, 3 кезең - суретін салу, 4 кезең - би қимылын келтіру керек. Осы кезеңдер бойынша әр топ өз өнерлерін көрсетті және салған суреттерін қорғады.

Дата: 17.06.2013, 5:37 Автор: Школы и сады г. Балхаш