№ 4 орта мектептің мектепішілік «Солнечный город» лагерінде өткізілген «Смешарики» мерекесі туралы ақпарат

№ 4 орта  мектептің  мектепішілік  «Солнечный  город»  лагерінде өткізілген  «Смешарики»  мерекесі  туралы  ақпарат

2013 жыл  07 маусымда  күлкі  күніне  арналған  «Смешарики»  мерекесі болды. Мектепішілік  лагерьдегі  жазғы  демалыс  балалардың  бос  уақытын

көңілді   және  қызықты  өткізуіне  мүмкіндік  береді. Тәрбиеші  Е.А.Абрамова

думан – бағдарламаны  дайындаған  кезде, оның  мазмұнын  шығармашылық  қабілетті  дамытуға, әзіл-сықақ  сезімнің  жетілуіне, достыққа  және  ұжым- шылдықпен, бірлікке  баулуға  бағыттаған.

«Солнечный  городтың»  балалары  әзіл-сықақ  кейіпкерлері  Смешарик  және

Смешурикпен,  ауа  патшалығының  Патшайымымен  кездесті. Түрлі-түсті

киімдер  мен  әр   түстегі  шарлардың  молдығы  балаларды  таңқалдырды.

Шығармашылыққа  толы  сайыстар  мен  ойындар, әзіл-қалжың  мен көңілді

күлкі  және  қол  шапалақтау, мереке  кезінде  бір  тиылған  жоқ.

«Солнечный  городтың»  тұрғындары  ауа шарларымен  билеп, жұмбақтар  шешті, актерлік  шеберлік, пантонима  өнері  және  саусақпен  сурет  салу, шешендік, вокалдық таланттары  үшін  сайысқа  түсті.

Іс-шара  аяқталғаннан  кейін, балалар  шарларға  сурет  салып, Смешарикті ауаға  ұшырып,өздерінің  қуанышты  көңіл  күйлерін  бүкіл  әлемге таратты.  Ауа патшалығының  Патшайымы  балалардың  тілегін  ғажайып  от шашулар

арқылы  орындады.

Мереке  дискотекамен  аяқталды, мерекенің  қызықты  өткені  балалардың

қуанышты  жүзінен  байқалды.

Дата: 14.06.2013, 6:06 Автор: Школы и сады г. Балхаш