№ 2 Абай атындағы лицей жанынан ашылған «Еркемай» жазғы-сауықтыру лагерінде өткен «Жас ұлан-елдің ертеңі» салтанатты жиынының ақпары.

№ 2 Абай атындағы лицей жанынан ашылған «Еркемай» жазғы-сауықтыру лагерінде өткен «Жас ұлан-елдің ертеңі» салтанатты жиынының ақпары.

2013 жылдың 12 маусым күні «Еркемай» жазға-сауықтыру лагерінде «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер бірлестігіне қабылдаудың  салтанатты жиыны өтті.  Аталған іс- шаралардың мақсаты –  балалардың қызығушылығын арттыру, ұлтжандылық пен намыс-жігерге баулу.  Бұл күні «Жас Қыран» ұйымының мүшесіне лагерь құрамындағы ең белсенді 16 бала қабылданды. Жиын ҚР-ның мемлекеттік әнұранымен басталды. Салтанатты жиынды лицей аға тәлімгері С. А. Ожанова ашып, лагерь  демалушыларынан құрылған үгіт-насихат тобының «Жас ұлан» ұйымы туралы қойылымы тамашаланды. Келесі кезекте ортаға «Жас ұлан» ұйымына ие болатын демалушылар қолдарына көгілдір галстуктерін ұстап шығып, «Жас ұлан» ұйымының ұранын, әнін орындады. Аға тәлімгердің басшылығымен ұйымға мүше болуға ант қабылдады. «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кірген балғын жүректі балдырғандар өз Отанын сүюге, еліне адал қызмет атқаруға атсалысатындықтарын анық жеткізе білді.. Ант қабылдаған соң «Жас қырандықтарға» мойынтақ пен төсбелгі тағу рәсімі тәлімгерлерге тапсырылды. Лагерь төрайымы  Г.Е. Алибек жаңадан қабылданған ұйым мүшелерін құттықтады. Жас Қырандықтарға   Бейсембекоа Айнұр тамаша «Туған жер» атты ән шашу сыйлады.

Дата: 13.06.2013, 9:44 Автор: Школы и сады г. Балхаш