№17 ОМ «Күнім» мектеп маңы орталығындағы «Таңғы жұлдыз» атты концерттік бағдарламасын өткізу туралы ақпарат

№17 ОМ «Күнім» мектеп маңы орталығындағы «Таңғы жұлдыз» атты концерттік бағдарламасын өткізу туралы ақпарат

№ 17 ОМ «Күнім» мектеп маңы орталығының жайлы акт залында маусым айының 12 жұлдызында өзіне таңғажайып әуен әлемі мен поэзияны үйлестірген «Таңғы жұлдыз» атты концерттік бағдарламасы өткізілді. Іс-шараны мектеп маңы орталығының тәрбиешілері О.В.Нечаева және Р.А.Гунько жүргізді.

Балалардың музыкалық шығарманы тамаша орындағаны көрермендердің жүрегін жаулады. Ал А.Угроватова мен В.Шалыгинаның орындаған «Каникулы» әні балалардың көңіл-күйін көтеріп, сүйсініп бірге айтуға мүмкіндік бірді.

 «Сыйлық» және «Көңілді мектеп» Л.Начкепия мен В.Можаеваның көңілді өлеңдерін оқығандары жарқын да ұмытылмастай болды.

Ал, А.Комшабаеваның домбыра  үнімен әуезді орындаған «Балдырған» шығармашылығы мен К.Цайдың акробаттық номері нағыз мерекелік көңіл-күй тудырды.

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындаған концерттік номері көрермендердің ду қол шапалағына ие болды.

Сонымен қатар «Таңғы жұлдыз» бағдарламасы В.Антипованың дербес суреттер көрмесін паш етті.

Іс-шараның соңында барлық орындаушылар мен мектеп маңы орталығының көрермендеріне «Шаттық эликсирі» деп аталатын жақсы көңіл-күй сыйлайтын шоколадты кәмпиттер алды.

Дата: 12.06.2013, 6:51 Автор: Школы и сады г. Балхаш